21 жастағы музыка мұғалімі «Астана Аруы — 2021» атағына ие болды

💄 Красота и здоровье
26.10.2021
Просмотров: 236

Айдана Ахантаева Қазақ ұлттық өнер университетін бітірген, қазір елордада музыкалық студиялардың бірінде фортепианодан сабақ береді.

Бос уақытында Айдана классикалық музыка тыңдап, ағылшын тілін меңгеріп жүр. Астаналық ару кішкентай кезінен шығармашылық атмосферада өскен. Айдананың әкесі қолөнерші, ағаштан қазақтың ұлттық ыдыстарын жасайды. Болашақта «Астана Аруы» көпбалалы отбасынан шыққан дарынды балаларға арналған тегін орталық ашқысы келеді. Еске салайық, биыл алғаш рет өңірдегі байқаулар онлайн түрде өтіп жатыр. Қазылар алқасы ZOOM-конференцияда финалға шыққан қыздармен сұхбат өткізеді. Қазылар алқасында актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мәдина Сәдуақасова, «Қазақстан Аруы — 2013» иегері Айдай Исаева, және дизайнер AlexChzhen бар. Бұдан бұрын «Көкшетау аруы-2021», «Қызылорда аруы-2021»,  «Семей аруы-2021»,«Шымкент аруы-2021»«Алматы аруы-2021»«Орал аруы-2021»«Түркістан аруы-2021» анықталды.

 

Дереккөз: Tengrinews

Так же вам может быть интересно