«Көкшетау Аруы — 2021» атағын 26 жастағы Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі жеңіп алды

💄 Красота и здоровье
22.10.2021
Просмотров: 338

Әйгерім Әутәліпова Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бойынша бітірген. Мұғалім болумен қатар Әйгерім SMM-менеджер болып жұмыс істейді.

«Көкшетау Аруы» қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі. Еске салайын, биыл алғаш рет өңірдегі байқаулар онлайн түрде өтіп жатыр. Қазылар алқасы ZOOM-конференцияда финалға шыққан қыздармен сұхбат өткізеді. Қазылар алқасында актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мәдина Сәдуақасова, «Қазақстан Аруы — 2013» иегері Айдай Исаева, және дизайнер AlexChzhen бар. Бұдан бұрын «Қызылорда аруы-2021»,  «Семей аруы-2021»,«Шымкент аруы-2021»«Алматы аруы-2021»«Орал аруы-2021»«Түркістан аруы-2021» анықталды.

Дереккөз: Tengrinews

Фото: Missqazaqstan 

Так же вам может быть интересно