Онлайн өткен байқауда «Түркістан Аруы-2021» анықталды

🇰🇿 Новости Казахстана
06.10.2021
Просмотров: 258

Ұлттық қазылар алқасының таңдауы 18 жастағы Сұлтанбибі Шахаповаға түсті. Финалға шыққан 10 арудың тағдырын актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мадина Сәдуақасова, «Қазақстан Аруы-2013» Айдай Исаева мен KFW негізін қалаушы, дизайнер, стилист AlexChzhen шешті.

Оның алдында қатысушылармен ZOOM арқылы кездесулер өтті. «Түркістан Аруы-2021» Сұлтанбибі Шахапова Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде білім алады. Болашақта интерьер дизайнері болуды жоспарлап отыр. Айта кетейік, биыл алғаш рет аймақтық конкурс онлайн форматта өтіп жатыр.

Дереккөз: Tengrinews 

Так же вам может быть интересно