«Семей Аруы-2021» атағына құқық қорғау органдарының болашақ қызметкері ие болды

💄 Красота и здоровье
20.10.2021
Просмотров: 193

22 жастағы Регина Крюкова Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің студенті. Болашақта құқық қорғау органдарында жұмыс істеуді жоспарлап жүр.

Семейлік ару жануарларды қатты жақсы көреді және оларға арналған баспана ашпақшы. Сонымен қатар, Регина модельдік агенттік ашып, үздік визажист атанбақшы. Қазақ және ағылшын тілдерін меңгерген.

Биыл алғаш рет өңірдегі байқаулар онлайн түрде өтіп жатыр. Жұлдызды қазылар алқасы ZOOM-конференцияда финалға шыққан қыздармен сұхбат өткізеді. Қазылар алқасында актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мәдина Сәдуақасова, «Қазақстан Аруы — 2013» иегері, тележүргізуші Айдай Исаева, және KFW негізін қалаушы, дизайнер, стилист AlexChzhen бар. Бұдан бұрын «Шымкент аруы-2021», «Алматы аруы-2021»«Орал аруы-2021»«Түркістан аруы-2021» анықталды.

Дереккөз: Tengrinews

Фото: Missqazaqstan.kz

 

Так же вам может быть интересно