«Алматы аруы – 2021» атағына 26 жастағы студент Азиза Тоқашева ие болды

👠 Мода и стиль
15.10.2021
Просмотров: 213

Азиза Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетінде менеджмент және маркетинг бойынша магистратурада оқиды. Бала кезінен халық билерімен айналысады, әлеуметтік және қайырымдылық жобаларға белсенді қатысады.

Азиза Тоқашева сән байқауына бірінші рет қатысып отырған жоқ. 2018 жылы ол Филиппинде, ал 2019 жылы Өзбекстанда өткен халықаралық байқауларда Қазақстан атынан шығып, Ташкентте Miss Union-2019 атағына ие болды. Айта кетейік, биыл аймақтық жарыстар алғаш рет онлайн режимде өтіп жатыр. Жұлдызды қазылар алқасында актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мәдина Сәдуақасова, Қазақстан аруы – 2013 Айдай Исаева мен дизайнер AlexChzhen бар. Олар Түркістан, Атырау, Ақтобе, Павлодар, Қостанай мен Оралдың ең сұлу аруларын таңдап қойды.

Фото: Tengrinews

Так же вам может быть интересно