17 жастағы болашақ мұғалім «Қызылорда аруы-2021» атағына ие болды

💄 Красота и здоровье
21.10.2021
Просмотров: 227

Айсұлу Сағындықова Болашақ колледжінде ағылшын тілі мұғалімі мамандығы бойынша оқиды. Оқуын аяқтағаннан кейін ару Азаматтық авиация университетіне түсуді жоспарлап жүр. 

Айсұлу саяхаттап, басқа елдердің мәдениетімен танысқысы келеді. Биыл алғаш рет өңірдегі байқаулар онлайн түрде өтіп жатыр. Жұлдызды қазылар алқасы ZOOM-конференцияда финалға шыққан қыздармен сұхбат өткізеді. Қазылар алқасында актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мәдина Сәдуақасова, «Қазақстан Аруы — 2013» иегері, тележүргізуші Айдай Исаева, және KFW негізін қалаушы, дизайнер, стилист AlexChzhen бар. Бұдан бұрын «Семей аруы-2021»,«Шымкент аруы-2021»«Алматы аруы-2021»«Орал аруы-2021»«Түркістан аруы-2021» анықталды.

Дереккөз: Tengrinews 

Фото: Missqazaqstan 

Так же вам может быть интересно