Тимати 1,5 жастағы баласына 770 ат күші бар Lamborghini сыйлады

💎 Селебрити
18.05.2021
Просмотров: 125
тимати сын

Негізі ресейлік рэпер ұлына екі көлікті сыйға тартты. Біреуі – осы жазға арналған ойыншық электрокар, ал екіншісі – өскенде айдайтын Lamborghini Aventador SVJ. Бұл туралы хабармен 37 жастағы рэпер Инстаграмдағы жазылушыларымен бөлісті. 

тимати сын2
Ратмирге сыйлық ұнаған сияқты

V12 қозғалтқышымен жабдықталған спорткар 100 километрге дейін 2,9 секунд ішінде жетеді. Оның максималды жылдамдығы – сағатына 350 км. Ал бағасы 102 млн теңгеден басталады. Еске салайық,  Тимати мен 25 жастағы модель Анастасия Решетованың Ратмир есімді ұлы былтыр дүниеге келді.

 

Так же вам может быть интересно