Қазақстан мен Вьетнам арасындағы визасыз режим қашан басталады

🇰🇿 Новости Казахстана
06.05.2024
Просмотров: 250

Былтыр тамызда екі ел арасында қол қойылған келісім 25 мамырдан бастап күшіне енеді.

Келісім екі елдің азаматтары – ұлттық паспорт иелері үшін визалық талаптардың күшін жояды, деп мәлімдеді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров. Екі елдің азаматтары Қазақстан немесе Вьетнамға кірген күннен бастап күнтізбелік 30 күн, ал 6 айдың ішінде жалпы алғанда 90 күнтізбелік күн бола алады.Жалпы Қазақстан визасыз елдер тізімін 82-ге дейін көбейтті.

Дереккөз: Қазақпарат 

Фото: Unsplash

Так же вам может быть интересно