64 жастағы қазақстандық Ақтаудан Парижге велосипедпен жетпек

⚽ Спорт
06.05.2024
Просмотров: 163

Раббим Борашев 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына велотурға аттанды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникациялар орталығы.

Зейнетке шыққанға дейін Маңғыстау тұрғыны құрылыс саласында жұмыс істеген. Кейінгі жылдары ол велосипедпен жүруге қызығушылық танытқан, бірнеше велосипед жарыстарына қатысып үлгерді. Велошабандоздың айтуынша, Парижге велосипедпен жету үшін біраз дайындықты қажет еткен. Жоспар бойынша ол 7 мемлекет аумағын кесіп өтіп, 5000 шақырымды еңсереді.

Фото: Olympic.kz

Так же вам может быть интересно