Мадоннаның Рио-де-Жанейродағы тегін концертіне 1,5 миллионнан астам адам келді

🎼 Музыка
06.05.2024
Просмотров: 283

Бұл әншінің мансабындағы ең үлкен шоу.

Копакабана жағажайындағы қойылым 65 жастағы әншінің Celebration әлемдік турнесінің қорытынды концерті болды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, кейбір көрермендер ыңғайлы орындар алу үшін жағажайға концерттен бірнеше күн бұрын келген. Ал бай жанкүйерлер қойылымды яхталарынан және мұхитқа қарайтын пәтерлерден тамашалай алды. Мадоннаның концертіндегі ең көп көрермен саны бойынша алдыңғы рекорд 1987 жылы Парижде тіркелді. Орындаушының шоуын 130 мың адам тамашалаған болатын.

 

Так же вам может быть интересно