Тейлор Свифттің әлемдік турнесі $1 млрд жинап, ресми түрде Гиннесс рекордына ие болды

🥇 Мировые рекорды
13.12.2023
Просмотров: 106

33 жастағы америкалық әнші наурыз бен желтоқсан аралығында 151 шоу өткізді.

Әр концерт 72 мың көрерменді жинады, билеттің орташа бағасы $238 (шамамен 110 мың теңгені) құрады. Тейлор жақында қоштасу турын аяқтаған Элтон Джонның жетістігін басып озды. Әйгілі орындаушы бес жылдық тур аясында 328 шоу өткізіп, $939 млн жинады. Тейлорға Бейонсе де жете алмады. Оның «Ренессанс» туры $579 млн жинады. Еске салсақ, Тейлор Свифт Time журналының нұсқасы бойынша «Жыл адамы» атанды.

Дереккөз: Гиннесс рекордтар кітабы 

Так же вам может быть интересно