Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады

🇰🇿 Новости Казахстана
10.05.2024
Просмотров: 163

1-лек бойынша өтінімдер Business.enbek.kz порталында 20 мамырдан бастап қабылданады. Республика бойынша бірінші лекте 4 500 адамға грант беру жоспарлануда.

Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, нысаналы мақсаты — жаңа бизнесті бастау және дамыту. Грант көлемі – 1,5 млн теңгені құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады. Тіркелген жұмыссыздар мен жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін құрайтын) үміткер бола алады. Сондай-ақ, үміткер әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:

— мүгедектігі бар адамдар;

— қолданыстағы «қандас» мәртебесі бар адамдар;

— өңіраралық қоныс аударушылар

— аз қамтылған отбасы мүшелері;

— көпбалалы отбасы мүшесі (жұбайы / зайыбы);

— мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы / зайыбы);

— асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.

Дереккөз: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 

Фото: Pixabay

Так же вам может быть интересно