Бүгін түнде сағат тілі ауысады: қазақстандықтар не істеуі керек?

🇰🇿 Новости Казахстана
29.02.2024
Просмотров: 208

Түнгі он екіде смартфондағы сағатты өз бетінше 60 минутқа артқа жылжытудың қажеті жоқ. Гаджетте автоматты жаңарту қосулы тұрса және интернет болса уақыт автоматты түрде өзгереді.

Құрылғының сағатын бірыңғай уақыт белдеуімен сәйкестендіру үшін операциялық жүйені соңғы нұсқасына дейін жаңарту жеткілікті. Еске салсақ, бүгін 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстан Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан басқа барлық аймақтар бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді. Сағат автоматты түрде ауыспаған жағдайда не істеу туралы толығырақ ақпарат цифрлық даму министрлігінің сайтында көруге болады.

Дереккөз: Спутник 

Фото: Pixabay

Так же вам может быть интересно