Apple қолданушылары енді цифрлық мұрагер қалдыра алады

🔬 Наука и технологии
14.12.2021
Просмотров: 119

Купертино компаниясы iPhone-ға арналған iOS 15.2 жаңартуын шығарды. Онда Digital Legacy, яғни, «Цифрлық мұра» бағдарламасы бар.

Бұл функция арқылы айфон және айпадтағы жеке деректерге қол жеткізе алатын мұрагерді қалдыруға болады. Ол адам қолданушының iCloud-та сақталған барлық информациясын, суреттер мен видеоны көретін болады. Соңғы iOS-та сондай-ақ басқа да функциялар бар. Мысалы, «Мені бақылай алатын объектілер» функциясы арқылы басқа қолданушылардың AirTag трекерлерін қадағалауға болады. Тағы бір қызық жаңарту – енді айфонның бөлшектері түпнұсқалық па, әлде олар алмастырылған ба екенін білуге болады.

Дереккөз: The Verge

Метки: Apple iOS IPhone

Так же вам может быть интересно