Қазақстандықтар тегін оқи алатын елдер саны артты
Словакия, Әзірбайжан және Вьетнам біздің азаматтарға грант бөлу туралы шешім қабылдады. Осылайша, қазақстандықтар тегін оқи алатын мемлекеттер саны 10-ға жетті.
Аталған үш мемлекеттен басқа тізімге Венгрия, Польша, Қытай, Украина, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан кіреді. Жалпы биыл қазақстандықтарға 500-ге жуық грант бөлінді. Үкіметаралық гранттар аясында қазақстандықтар бакалавриат, магистратура, докторантура, резидентура бағдарламалары бойынша оқи алады.
Дереккөз: ҚР Білім және ғылым министрлігі