Қазақстандықтар енді өз-өзіне құмар ойын ойнауға тыйым сала алады
Бүгіннен бастап Қазақстан азаматтары, сондай-ақ, республика аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер eGov mobile мобильдік қосымшасы арқылы 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімге өздерін құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуын ерікті түрде шектеу туралы өтініш бере алады.
Бұл барлық азаматқа, ең алдымен құмар ойындармен шектен тыс әуестенетін тұлғаларға барлық лицензияланған ойын мекемелері мен букмекерлік кеңселердің заңды сайттарына кіруге лезде тосқауыл қоюға мүмкіндік береді, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігі.
Фото: Unsplash