Жұмыссыз адам Илон Масктың компаниясына 500 хат жіберіп, ақыры жұмысқа тұрды
Үндістандық студент өжеттіліктің сиволы болуына әбден лайық.
Студенттік бағдарламамен келген Друв Лойя университетті аяқтағаннан кейін бірнеше IT-компанияларда ақысыз стажировкадан өткен. Бірақ жақсы резюмеге қарамастан, жұмыс тұра алмады. Бес ай бойы жас жігіт достарының үйінде тұрып, депортациядан қорықты. Осы уақыт ішінде ол Tesla компаниясына 300-ден астам рет өтініш берді, компанияның әртүрлі бөлімдеріне 500-ге жуық хат жіберді, сондай-ақ бес ай ішінде он шақты сұхбаттан өтті. Ақыры оның талпынысы жеңді: жігіт компаниядан ұсыныс алып, техникалық қолдау көрсету маманы атанды.
Дереккөз: Livemint
Фото: LinkedIn/@dhruvloya