«Қазақстан аруы-2023» байқауының жеңімпазы аталды

👠 Мода и стиль
15.12.2023
Просмотров: 1015

Байқауға қатысуға биыл 17 мың қыз өтінім білдірген, ал финалға іріктеліп алынған 25 ару шықты.

21 жастағы Сабина Ыдырысова»Қазақстан аруы-2023″ атағын жеңіп, «Әлем аруы» байқауына жолдама алды. Аруға 5 млн теңге берілді. Сабина қаржылай жүлденің жартысын «Әлем аруы» байқауына қатысуға жұмсағысы келеді, ал қалған жартысын ата-анасына беремін дейді. Ару хореографиялық училищені тәмамдаған, кәсіби түрде балетпен айналысқан. Сабина «Астана балет» театрында үш жыл жұмыс істеп, биыл бұл саладағы мансабын аяөтауға ұйғарған. Қазылар алқасы байқаудың келесі кезеңіне үздік 5 қатысушыны таңдады. Үздік бестікке Сабина Ыдырысовамен қатар Аяулам Әлімхалиева, , Мадина Әлмұханова, Ботагөз Нұржігітова және Аделина Балғымбаева кірді. Қазылар алқасының құрамына Айдай Исаева, Томирис Кәкімова, Еркебұлан Тоқтар, Жәния Журинская, қырғыз дизайнері Арзубек Вонама, Анжела Пересыпкина және Мадина Сәдуақасова кірді.

«Қазақстан аруы 2023» Сабина Ыдырысова
«Қазақстан Жер аруы-2023»
«Көрермен дауысына ие болған ару-2023»
«Қазақстан вице-аруы-2023» Ботагөз Нұржігітова
«Қазақстан әлем аруы-2023» — Мадина Әлмұханова

Дереккөз: Nur.kz

Фото: Instagram/@missqazaqstan.official

 

 

Так же вам может быть интересно