Жер тарихындағы ең үлкен көл Гиннестің рекордтар кітабына енді
Бірақ ол көл қазір жоқ.
Көл шамамен 11 миллион жыл бұрын болған. Ішінара құрғағаннан кейін Қара, Каспий және Арал теңіздері пайда болған. Паратетис атты ежелгі су қоймасы Альпіден Алтайға дейін созылып, 2 млн 800 мың шаршы км жерді қамтыған. Бұл Жерорта теңізінің ауданымен тең келеді. Паратетис батыста Альпі тауларынан шығыста Түркіменстанға дейін созылған. Зерттеушілер Паратетис туралы деректер жинау үшін әртүрлі әдістерді қолданды. Атап айтқанда, су асты рельефінің 3D карталары жасалып, тектоникалық белсенділік ескерілді.
Дереккөз: Gizmodo
Фото: Fisher.kz