Жер бетінде адамдар ең ұзақ өмір сүретін 5 жер бар: олардың тұрғындарын не біріктіреді?
Тұрғындары ең ұзақ өмір сүретін 5 аумаққа: Италияның Сардиния аралы, Грекияның Икария аралы, Жапонияның Окинава аралы,Никоя түбегі (Коста-Рика) және Лома-Линда қаласы (Калифорния, АҚШ) кіреді.
Зерттеушілердің айтуынша, гентиканың әсері шамалы — 20-25% ғана құрайды. Аталған жерлердің тұрғындарын дұрыс тамқтану және физикалық белсенді өмір салты біріктіреді. Сондай-ақ олар фастфудты, өңделген тағамдарды жемейді, дайын сусындарды ішпейді. Олардың барлық тағамдары әдетте жаңа піскен және үйде дайындалған. Сонымен қатар, ұзақ ұзақ өмір сүрушілер ешқашан артық тамақтанбайды, тойып жемейді. Рационға келсек, ол негізінен жеміс, көкөніс, бұршақ, дәнді дақылдардан тұрады.
Дереккөз: The Conversation
Фото: Unsplash