Жапонияда мысық бір күнге полиция басшысы қызметіне тағайындалды
Коко есімді үй жануары адамды құтқарып қалғаны үшін осындай абыройға ие болды.
Былтыр жазда 77 жастағы Тояма қаласының тұрғыны көршілердің мысығы арыққа қадалып қарап тұрғанын байқаған. Сөйтсе, қарт кісі арыққа түсіп кетіп, шыға алмай жатыр екен. Оған көмекее көршілері келіп, құтқарады. Мысықтың арқасында адам құтқарылғанын білген жергілікті полиция Кокоға полиция формасы мен фуражкасын кигізіп, грамотамен марапаттаған. Мысық мектеп оқушыларына арналған жол қозғалысы ережелері сабағына қатысып, құжаттарға табанымен қол қоған.
https://twitter.com/nhk_news/status/1382222558792200193?s=20