Жаңа зерттеу нәтижелері: Теледидарды көп көру адамды ақылсыздандырады
Мұны анықтау үшін америкалық ғалымдар 10 мыңнан астам ел тұрғындарын 15 жыл бойы бақылаған.
Олардың әрқайсысы теледидар алдында қанша уақыт өткізгені туралы айтып отырған. Соңғы сауалнамадан кейін еріктілер магниттік резонанстық томография, яғни МРТ өткен. Белгілі болғандай, теледидарды көп көрген адамдардың когнитивтік функциялары 7%-ға төмендеген, және мидың сұр заты айтарлықтай азайған. Бір қызығы – бағадарламалардың алуандығы мен спортпен шұғылдану теледидардың кері әсерін жоя алмаған.
Дереккөз: Naked Science