Телеграмда енді қоңырау шалғанда дауысты өзгертуге болады
Бар құпия жасанды интеллектте.
Ол арқылы әртүрлі адамдардың дауыстарын, сондай-ақ роботтардың, шетелдіктер мен фантастикалық кейіпкерлердің дауыстарын таңдауға болады. VMgram әзірлеушілері бұл функция әзіл-қалжыңды ұнататындар үшін қызықты болады дейді. Дауысты дыбыстық хабарламаны жазу кезінде де өзгертуге болады. Әзірге бұл мүмкіндік Android иелері үшін қолжетімді, алдағы уақытта функция iOS пайдаланушыларында да пайда болады, деп жазады The Verge.