Супер-мама: Украиналық ана 10 шақырымды бесік арбамен жүгіріп, Гиннесс рекордшысы атанды
Кристина Бохомякова бұл қашықтықты 37 минутта өтті.
Бесік арбада оның 1 жас 7 айлық ұлы Александр болды. 33 жастағы екі баланың анасы 8 жасынан спортпен шұғылданып келеді, әсіресе, жүгіруді ұнатады. Кристина рекорд орнату үшін кішкентай баласымен 9 ай бойы күніне 14 шақырымнан жүгіріп, жаттыққан.
Дереккөз: Гиннесс рекордтар кітабы