Сингапурда 212 грамм салмақпен туылған қыз ауруханадан шықты
Сингапурда 212 грамм салмақпен туылған қыз ауруханадан шықты. Ю Суань әлемдегі ең кішкентай шала туылған бала болып танылды.
Ол жүктіліктің 25 аптасында дүниеге келген. Бойы тек 24 см құраған. Нәрестеге 13 ай бойы күтім жасалып келді. Қазір оның салмағы алты келіден асады. Бұдан бұрын әлемдегі ең кішкентай шала туылған баланың салмағы 245 граммды құрады. Сэйби есімді қыз 2018 жылы Сан-Диегода дүниеге келген еді.
Дереккөз: BBC