Қытайда пандаға айналдырған иттерден кейін келушілерге робот акуласы көрсетілді
Шэньчжэнь қаласындағы океанариумға келген адамдар 20 мың теңге төлеп, нағыз кит тәрізді акуланы көреміз деп ойлаған ғой, қайдағы! Келушілерді тағы да алдап салды.
Аквариумда жүзіп жүрген теңіз тұрғынының орнында робот жүзіп жүрді. Механикалық акула сапасы жақсы болып, шынайы көрінсе бір жөн, бірақ жоқ, барлығы анық көрініп тұрды. Адамдардың наразылығына зообақ басшылығы енді не істейміз, кит тәрізді акуланы сатуға тыйым салынған, барына базар деп отыр. Еске салсақ, бұған дейін зообақ келушілеріне ақ-қара түске боялған иттер панда ретінде көрсетілді.
Дереккөз: whatsthejam