Қытайда ит тәрізді қарды сілкіп жіберетін көлік пайда болады
Ерекше нұсқадағы электромобильді Nio компаниясы ұсынды.
ET9 седаны интеллектуалды шасси жүйесімен және гидравликалық аспамен жабдықталған. Арнайы конструкциясының арқасында машина жан-жаққа қозғала алады. Демо-видеода автоөндіруші машинаның ешкімнің көмегінсіз вибрация арқасында төбесіндегі қарды тазалап жатқанын көрсетті. 707 ат күші бар электромобильдің құны $110 мың (шамамен 50 млн теңге).
Дереккөз: Electrek