Қазақстандықтар Таиландқа визасыз бара алады: келісім мақұлданды
Келісім бойынша, екі елдің азаматтары, яғни Қазақстан азаматтары Таиландта және керісінше Таиланд азаматтары Қазақстанда 30 күн бойы визасыз бола алады.
«Бір тарап мемлекетінің азаматтары, қолданылу мерзімі кемінде 6 айдан кем болмауға тиіс жарамды жол жүру құжаттарының иелері, екінші тарап мемлекетінің аумағына келу, одан кету, транзитпен өту, онда уақытша болу үшін келген күнінен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын, күнтізбелік 180 күндік әр кезең ішінде жиынтығы күнтізбелік 90 күн болатын кезеңге визалық талаптардан босатылады»,
— делінген келісім жобасында.
Яғни, қазақстандықтар Таиландта үздіксіз 30 күн бола алады. Ал алты айдың ішінде барлығы 90 күн жүруге болады.
Дереккөз: Спутник
Фото: Unsplash