Prada-ны шайтан киеді деп па еді? Енді астронавттар Prada киеді: Миланда Айға қонуға арналған сәнді скафандр таныстырылды
«Артемис» бағдарламасына қатысатын NASA астронавттары жер серігің бетінде «сәнді киіммен» жүреді.
Скафандр дәстүрлі ақ түсті, оның сыртқы қабаты күн сәулесінің басым бөлігін шағылыстыруға көмектеседі және ай шаңының ішке кіріп кетуінен сақтайды. Сондай-ақ, ол экстремалды суыққа төзімді және денсаулық көрсеткіштерін бақылап тұрады. Бұл коллаборация үшін Prada-ға 228 млн доллар төленді.
Фото: Piero Cruciatti/Anadolu via Getty Images