Оңтүстік Кореяда ешнәрсе істемеуден жарыс өтті
Ерекше сайысқа 100 адам қатысты. Олар 90 минут бойы йога кілемінде отыруы керек болды. Басты шарт – сөйлеспеу, ұйықтап қалмау және смартфонды қолданбау.
«Мен әдетте көп уайым мен күйзеліске ұшыраймын, сондықтан конкурсқа қатысу арқылы стресстен арылуға шешім қабылдадым»,
— деді қатысушылардың бірі. Барлық қатысушылардың жүрек соғысы бақыланып, көрермендер өздерінің сүйікті 10 еріншектеріне дауыс берді. Бірінші орынды конькимен жүруші, Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері Квак Юн Ги иеленді.
Дереккөз: CNN