Нигериялық фуд-блогер бір тәулікте 150 фаст фуд мейрамханасына барып, Гиннесс рекордшысы атанды
22 жастағы Муначисмо Брайан Нвана бұған дейін 100 мейрамханада тамақтанған рекордшының көрсеткішін басып озды.
Брайан бұрынғы рекорд Нью-Йоркте орнатылғанын және бұл әлдеқайда жеңіл болғанын атап өтті. Себебі Нигерияда Америкадағыдай жетілген транспорт желісі жоқ. Жігіт рекордтың жолында жаяу жүріп, 25 шақырым өтті. Шарт бойынша, әр мейрамханада кем дегенде бір сусын және бір тағамның дәмін татып көру керек болды.
Дереккөз: Гиннесс рекордтар кітрабы