Нигериялық әйел 55 сағатта 90 адамнан интервью алып, рекорд орнатты
Клара Чизоба Кронборг YouTube-те «Әлем әйелдерінің шоуы» атты ток-шоуды жүргізеді. Клара 37 сағат 44 минут сұхбат алған алдыңғы рекорд иегері Роб Оливерді басып озды.
Марафон кезінде нигериялық әйел саясаткерлер, іскерлерден өз салаларында табысқа қалай жеткені туралы сұхбат алды. Клараға әр сағат сайын 5 минуттық үзіліс берілді. Ол тамағының қарылып қалуына, мойны мен арқасының ауруына және ұйқышылдыққа төзіп, Гиннесс рекордатр кітабына кірді, деп жазады UPI.