Көрермендер Netflix фильмдеріне 100 млрд сағат жұмсады
2023 жылдың бірінші жарты жылдығында көрермендер стримингтік қызмет ұсынған сериалдарды 100 млрд сағат бойы тамашалаған. Бұл дегеніміз 11,5 млн жыл.
Рейтингке 18 мың фильмдер, сериалдар мен шоу кірді, олардың әрқайсысын пайдаланушылар 50 мыңнан астам сағат қарады. Ең көп қаралым жинаған 812 миллион сағат — «Түнгі агент» экшн-сериалы, сондай-ақ, «Уэнсдей», «Сен», «Бриджертондар» сериалдары танымал болды. Айта кетсек, ағылшын тіліндегі емес сериалдар мен фильмдер платформада үлкен сұранысқа ие болды — олар контенттің шамамен 30%-ын құрады, атап айтқанда корей және испан тілдеріндегі шоулар көш бастады.
Дереккөз: Netflix