Natgeo Шымкент маңында тұратын қыз бен анасының суретін жариялап, миллиондаған жазылушыларды тәнті етті

🇰🇿 Новости Казахстана
16.08.2021
Просмотров: 162

Герд Людвиг есімді фотограф ұлттық киім киген 12 жастағы Баян мен оның анасын суретке түсірген.

Фотоның авторы олар 20-дан астам қонақты қарсы алу үшін тағамдар әзірлеп жатқанын айтқан. Фотограф сонымен қатар, Шымкент қаласының негізі  12 ғасырда Жібек Жолының бойында қаланғаны туралы атап өткен. Natgeo-ның жазылушылары суретке тәнті болды:

«Керемет фото»! «Ұлттық киім қандай әдемі көрінеді», «Тағамдар дәмді болған шығар»,

— деген комментарийлер бар.  Айта кетейік, Natgeo-ның Инстаграмда 178 миллион жазылушылары бар. Қазақстандық қыз бен анасының суреті 118 мыңға жуық лайк жинады.

Дереккөз: Natgeo 

Метки: Natgeo Шымкент

Так же вам может быть интересно