Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы артты

🇰🇿 Новости Казахстана
25.04.2024
Просмотров: 309
казахстан население

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Халықтың туу кезіндегі өмір сүру ұзақтығы 2023 жылы 75 жасты құрады. Бұл 25 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

Қалалық жерлерде өмір сүру ұзақтығы ауылдық жерлерге қарағанда жоғары, сәйкесінше 75 және 74 жылдан. Гендерлік бөліністе әйелдердің өмір сүру ұзақтығы артып 79 жасты құрады (2022 жылы – 78 жас болған еді), ерлер арасында 2023 жылы бұл көрсеткіш 71 жасқа дейін көтерілді, 2022 жылы 70 жас болған еді. Ал ең жоғары өмір сүру ұзақтығы Алматыда тіркелді — 78 жас.

Дереккөз: Nur.kz

Так же вам может быть интересно