Мәтін негізінде видео жасайтын жаңа нейрондық желі пайда болды
Sora деп аталатын жаңа нейрондық желіні Open AI компаниясы ұсынды. Sora берілген текст негізінде бір минутқа дейінгі видео жасап шығарады.
Нейрондық желі бірнеше кейіпкерлері бар күрделі көріністерді, тіпті олардың эмоцияларын дәл көрсетеді. Әзірге модель тек шектеулі түрде суретшілер, дизайнерлер және режиссерлер үшін қолжетімді. Компанияның көпшілікке арналған нұсқасын қашан шығаруды жоспарлап отырғаны белгісіз.
Дереккөз: VC.ru