Макияжсыз сұлулық байқауында жеңіске жеткен британиялық ару құрбысы үшін титулдан бас тартты
Қыздар арасында достық жоқ деп кім айтты? 26 жастағы «Лондон аруы» Наташа Бересфорд «Англия аруы» ұлттық байқауға қатыспайтын болды, себебі бұл күн оның құрбысының үйлену тойымен тұспа-тұс келіп тұр.
2023 жылдың қыркүйегінде медбике болып істейтін Наташа Бересфорд қатысушыларға боянуға рұқсат етілмеген әлемдегі алғашқы сұлулық байқауында 18 бәсекелесті басып озып, «Лондон аруы» атағына ие болған еді. Ұйымдастырушылар оны «Англия аруы» байқауында жеңіске негізгі үміткерлердің бірі деп санаған еді.
Дереккөз: Daily Mirror
Фото: Instagram/@natashaberesford