Макакалар Backstreet Boys әндерінің ритмінде қозғалуды үйренді
Мексикалық ғалымдар макакалардың ырғақты сезетінін және оны қайталай алуға қабілетті екенін анықтады.
Тәжірибе кезінде маймылдар Backstreet Boys тобының хиттерін тыңдап, ритмге сәйкес арнайы батырманы басып отырған. Бірнеше адамға да осындай тапсырма берілді. Екі түрлі қатысушылардың ырғақты шығару қабілеті ұқсас болып шықты. Бұған дейін тек адамдар мен бірнеше сайрағыш құста ғана ырғақ сезімі бар деп есептелді.
Дереккөз: Naked Science
Фото: Pixabay