LOBODA қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, “Метелица” әніне live video ұсынды
Украиналық әнші Светлана Лобода қазақстандықтарды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Әншінің сөзінше, “тәуелсіздік — бағалануы тиіс ерекше сый”.
“Құрметті достар! Қымбатты қазақстандықтар! Сіздерді келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Бұл күн бостандық пен тәуелсіздіктің маңызды екенін еске салсын. Сіздердің тәуелсіздіктеріңіз берік болып, елдеріңіз көркейе берсін!”,
— деп Светлана Лобода қазақстандық жанкүйерлерін құттықтады.
Loboda алдағы мерекелер қарсаңында өзінің “Метелица” деп аталатын жаңа әнін ұсынды. Ән көпшілікке таныс мерекедегі жалғыздық сезімі туралы сыр шертеді. Атмосфераға толы видеода әртіс әнді жеке музыканттарының сүйемелдеуімен жанды дауыста орындап шыққан.
Светлана Лобода жаңа трегін бір рет болсын шынайы ғашық болғандарға жаңа жылдық сыйлық деп атады.
“Безендірілген көшелердегі тыныштықта жалғыздық қатты сезіледі. Көп адам бұл күндері өткенін ойлап қайғырады. Бірақ бастысы қандай жағдайда да болашаққа сенімді жоғалтпау керек”,
— дейді LOBODA.