Қытайда автокөліктерді тұрақ орындарына өзі қоятын ақылды тұрақ пайда болды
Бұл көлікке жаңадан отырған жүргізушілер үшін таптырмас шешім.
Ерекше тұрақ Уси қаласындағы ең үлкені болып табылады, бірақ оны бірегей ететін бұл емес. Жүргізушілерге бар болғаны көліктерін гаражға кіргізу жеткілікті, ары қарай ақылды жүйе іске қосылады. Автоматтандырылған жүйе бос орынды өзі тауып, автоны жайғастырады. Ал иесі қайтып келгенде сыртқа шығарып береді, деп хабарлайды People’s Daily.