Қазақстан Токио Олимпиадасында алтыншы медальді жеңіп алды

⚽ Спорт
05.08.2021
Просмотров: 157

Еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақта Нұрислам Санаев қола жүлдегер атанды. Ол кіші финалда болгариялық Георгий Вангеловті 5:1 есебімен жеңді.

Айта кетейік, бұл қазақстандық балуандардың Токиодағы алғашқы медалі. Еске сала кетейік, бұдан бұрын ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло, дзюдошы Елдос Сметов, боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов ұлттық қоржынға қола медальдан әкелді. Сонымен қатар, каратеші Дархан Асаділов кем дегенде қола медальға ие болатыны белгілі болды.

Дереккөз: Olympic.kz

Так же вам может быть интересно