Kcell жыл соңына дейін Шымкентте 190 5G базалық станциясын орнатуды жоспарлап отыр
Бүгінде компания 94 базалық станцияны орнату жоспарын асыра орындап, олардың санын 114-ке жеткізді.
Kcell жақын арада Шымкенттің негізгі аудандарын 5G байланысымен неғұрлым кеңірек қамтуды жоспарлап отыр. Одан бөлек 5G желісін пәтерге және кеңсеге кіргізіп беретін «Kcell Auleti» жобасы бұл көздеген межені жақындата түспек. Бүгінде компания лицензиялық міндеттемелерін 20%-ға асыра орындады. Сонымен қатар, бизнес-жоспар аясында байланыс операторы биыл Шымкентте тағы 75 базалық станция салуды және 170-тен астам базалық станцияны жаңғыртуды көздеп отыр.
«Қазіргі уақытта біз 5G базалық станцияларын қалалардың халық тығыз орналасқан бөліктерінде де, орталықтан шалғай жерлерде де салуға тырысамыз. Сондай-ақ, базалық станция үшін орынды таңдағанда, біз адамдар көп шоғырланатын аймақтарға назар аударамыз — бұл сауда және ойын-сауық кешендері, бизнес орталықтары, университеттер және т.б. Бұл стратегия бізге 5G желісінің қамту аймағын айтарлықтай және тиімді кеңейтуге мүмкіндік береді. Осылайша жоғары технологияға деген мегаполис тұрғындары мен қонақтарының күн санап өскен сұранысын қанағаттандыруға ниеттіміз»,
— деп атап өтті «Kcell» АҚ Басқарма төрағасы Асхат Өзбеков.
«Қазір «Қазақтелеком» тобына кіретін екі ұялы байланыс компаниясы да, Kcell және MTS 5G базалық станцияларын мерзімінен бұрын салуда және бүгінде республика бойынша операторлар 1000-нан астам базалық станцияларды орнатып үлгерді. Мысалы, Шымкентте Кселлдік әріптестер демалыссыз жұмыс істегендіктен, жоспарларын 20 пайыздан асыра орындады. Бұл жерде құрылыстың мерзімі мен жылдамдығы операторлардың өзіне ғана емес, сонымен қатар қазақстандықтарға да байланысты екенін атап өткім келеді, өйткені бізде радиофобияға байланысты базалық станцияларды орнатуда кедергі келтіру фактілері жетерлік»,
— деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.
Kcell өкілдерінің ақпаратына сүйенсек, бүгінде 5G технологиясы мемлекет пен қоғам өміріне белсенді түрде еніп келеді. Жаңа технологияның игіліктерімен тұтынушыларды тарту үшін бизнес, сыртқаттарды тиімді емдеу үшін медицина, сондай-ақ бұқаралық ойын-сауық индустриясы, мәдениет саласы өздеріне икемдеп пайдалануда. Мысалы, Алматыда әртүрлі ауқымды халықаралық фестивальдар өткізілді және 5G әр-түрлі елдер мен аймақтардың спикерлеріне нақты уақыт режимінде онлайн талқылауға қатысуға, ешбір мүдіріссіз қосылуға мүмкіндік берген.
«Бүгінгі таңда Шымкент пен Түркістаннан бөлек, елорданың, Алматы, Қызылорда, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Семей, Қарағанды және Қостанай қалаларының тұрғындары 5G технологиясын сынап көруге мүмкіндік алды. Бесінші буын байланысын жетілдірумен қатар, біз республикадағы желілік инфрақұрылымды үнемі дамытуды және жаңа базалық станцияларды жаңғырту және салу арқылы байланыс сапасын арттыруды жалғастырамыз. Тек соңғы 3 жылда қазақстандықтарды, соның ішінде ауыл тұрғындарын телекоммуникация қызметімен қамтамасыз ету үшін біз бүкіл ел бойынша 1000-нан астам базалық станцияларды салдық. Ал соңғы екі жылда Kcell қалалар мен ауылдардың 1,5 миллионнан астам тұрғындарын 3G және 4G технологияларын пайдалана отырып, барлық заманауи байланыс қызметтерімен қамтамасыз етті», — деді Асхат Өзбеков.
Еске салайық, өткен жылдың желтоқсан айында Kcell және MTS операторларының консорциумы радиожиіліктерді тарату бойынша аукционның жеңімпазы атанды және конкурс шарттарына сәйкес компаниялар 7 мыңнан астам 5G базалық станцияларын орналастыруы керек. Алайда, қазан айының ортасында Digital Bridge халықаралық IT форумының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде ел президенті 5G желісін енгізуді жеделдетіп, барлық жұмыстарды 2 жыл ерте аяқтауды тапсырды, Мемлекет басшысының жаңа нұсқаулары операторлар консорциумынан кестені қайта қарап, жұмысты жеделдетуді талап етті. Дегенмен Kcell қазірдің өзінде жоспарды асыра орындап келе жатқанын нақты көрсеткіштерімен дәлелдеді және о баста жыл соңына дейін жоспарлаған межесіне бүгінде жетіп қалғанын көрсетті. Қазір еліміздің 15 қаласында 400-ден астам 5G базалық станцияларын іске қосты.
Дереккөз: Kcell баспасөз қызметі