Кәсіби есім қоюшы әрбір тапсырыстан 225 мың теңге тауып жүр
Стеф Коффилд есімді АҚШ тұрғыны ерекше маман иесі. Ол ата-аналарға жаңа туған сәбиге бірегей ат қоюға көмектеседі.
Джон, Мэри дегендер, біздің нұсқа бойынша Серік, Берік секілді есімдер келмейді. Стефтың айтуынша, қазіргі тренд – Тик ток пен Инстаграмға сай келетін есім таңдау. Мысалы, ол ұлдарға Феррис, Китон және Таунсенд есімдерін ұсынса, қыздарға Борден, Доретта және Велманы ұсынады. Кәсіби есім қоюшының қызметі бес нұсқа үшін $25 басталып, $500 дейін жетеді. Қымбат тарифқа шексіз есім нұсқалары мен үш бейне қоңырау және жеке куәлік кіреді.
Дереккқз: The New York Post
Фото: LinkedIn/Unsplash