«Кальмар ойынын» Netflix рейтингінде жаңа оңтүстіккореялық шоу бірінші орыннан ығыстырды
«Тозақ дауысы» премьерадан 24 сағат өткеннен кейін 80-нен аса елде қаралым саны бойынша көш бастады.
Сериал сюжеті бойынша, құбыжықтар өлім күні белгілі күнәһарларды аулап, тозаққа жібереді. Шоуды «Пусанға баратын пойыз» және «Сеул станциясы» жобаларымен танымал режиссер Ен Сан Хо қойды. Сериал 50 минуттық алты бөлімнен тұрады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Кальмар ойыны» YouTube желісінде танымалдығы бойынша HBO арнасының «Тақтар ойыны» сериалын басып озды. Оңтүстіккореялық сериал 17 миллиардтан астам қаралым, және 533 миллион лайк пен пікірлер жинаған. Ал Netflix» стримингтік сервисіне «Кальмар ойыны» $900 млн пайда әкеледі деп күтілуде.
Дереккөз: Guardian