Калифорнияда инкассаторлық көліктен мыңдаған доллар түсіп қалып, бүкіл трасса ақшаға толды

🌐 В мире
22.11.2021
Просмотров: 119

Оқиға Сан-Диегода орын алды. Инкассаторлық көлік жүріп бара жатқанда, кенеттен оның есігі ашылып кеткен. Осылайша аз уақытта бүкіл трасса долларға толған.

Мұны көрген басқа көлік жүргізушілері тоқтап, ақшаны жинай бастаған. Оқиға орнына келген полиция қозғалысты тоқтатуға мәжбүр болған. Жолдан қанша ақша жинап алынғаны әзірге белгісіз. Күәгерлердің бірі болған жайтты видеоға түсіріп алған. Бейне жазба желіде тарап, миллионға жуық қаралым жинады.

Дереккөз: Fox5sandiego

Фото: Guardian

Так же вам может быть интересно