Италияда ер адам бардағы шотын 15 жылдан кейін төледі
Оқиға 2008 жылы орын алды.
Сенбі күні кешке жігіт достарымен бірге Тренто қаласындағы барлардың біріне барып, көңіл көтермекші болған. Бірнеше сусынға тапсырыс бергеннен кейін достар шотты төлемей қашып кеткен. Сол күннен бері италиялық бұл барға аяғын аттап баспаған. Содан кейін араға 15 жыл салып, өз ісіне өкінген. Ер адам болған жағдайдың барлығын жазып, бардың иесіне кешірім сұрап, хат жіберген. Кінәсін жуып-шаю үшін хатқа 30 еуро салып жіберіпті, бұл шоттағы бағадан төорт есе көп екен. Ал бар иесі хаттың авторын құшақ жая қарсы алатынын айтты, деп жазады Corriere del Trentino басылымы.