Instagram-ның пайдаланушылары енді жасын көрсетуге міндетті

🔬 Наука и технологии
31.08.2021
Просмотров: 71

Компания басшылығының айтуынша, жаңа функция қосымша мүмкіндіктерді іске қосып, әртүрлі контентті көрсету мақсатында енгізілді.

Сонымен қатар, ол жасөспірім қолданушылар үшін қауіпсіз әрі жеке кеңістік құруға мүмкіндік береді. Яғни, жағымсыз контенттен қорғайды. Егер пайдаланушылар туған күнін белгілі бір уақытқа дейін белгілемесе, Instagram әлеуметтік желіні пайдалануды шектейді.  Оған қоса, компания жасты өтірік көрсету сияқты мәселелерді шешудің жаңа жолдарын іздестіріп жатқанын атап өтті. Мысалы, жасанды интеллект «Туған күніңмен» деген сияқты хабарламалар негізінде адамдардың жасын бағалайтын болады.

Дереккөз: Facebook 

Метки: Инстаграм

Так же вам может быть интересно