Илон Маск суда жүзетін автомобиль-амфибия шығармақшы
Tesla басшылығының айтуынша, Cybertruck электр пикапы су өткізбейтін корпуспен жабдықталады, бұл көлікке шағын су айдындарын еш қиындықсыз кесіп өтуге мүмкіндік береді.
Маск көлікпен шағын өзендерді, көлдерді, тіпті теңіздерді де жүзіп өтуге болатынын атап өтті.
«Біз Cybertruck кем дегенде 100 метр суды қайық тәрізді жүзіп өтуге мүмкіндік беретін модификациялық пакет ұсынбақпыз. Негізінде, ішкі есіктердің тығыздағыштарын жаңарту керек»,
— деп жазды Маск X әлеуметтік желісінде.
Дереккөз: Naked Science
Фото: © Teslaconomics/ Getty Images