Ғалымдар: фастфудтың жай фотосының өзінен салмақ жинауға болады
Ливан-Америкалық университетінің мамандары қызықты тәжірибе өткізіп, осындай тоқтамға келді.
Қатысушыларды екі топқа бөлген: жартысына әлеуметтік желілерде foodporn және junkfood хэштегтері арқылы табылған фотосуреттер көрсетілді, яғни майлы, калориясы көп, бірақ, сөзсіз дәмді тағамдардың суреттері. Екінші топқа Интернеттегі кездейсоқ суреттер көрсетілді. Белгілі болғандай, зиянды тағамдардың фотосуреттерін тамашалаған топ гамбургерлер мен пиццаға көбірек тапсырыс бере бастаған. Оған қоса, қатысушылардың тәбеті күшейген.
Дереккөз: Pubmed
Фото: Pixabay