Германияда 18 жастағы тәртіп сақшысы 4 мыңнан астам шағым жазып, бюджетті толтыруда

🤠 Курьезы
12.03.2024
Просмотров: 141

Никлас Маттеи Грефенхайнихен қаласының тұрғыны  күнде велосипедке отырып, тәртіп бұзушыны табу мақсатымен қаланы аралайды.

Заңсыз қойылған көліктерді байқап, фотоға түсіріп, құзырлы органдарға жібереді. Никлас тіпті полицияны жайына қалдырмайды, жақында ол нөмірлері лас патрульдік көлік туралы хабарлады. Бұл белсенді жас жігіт қазірдің өзінде қала тұрғындарына, жерлестеріне 4227 ескерту жазып, тәртіп бұзушыларға салынған айыппұлдың арқасында бюджетке 140 000 еуроға жуық ақша түсті. Қалада тәртіп бұзушылар қалмаған сияқты, себебі Никлас қала сыртына саяхаттай бастады және оның мақсаты — Германияның әрбір қаласында кем дегенде бір тәртіп бұзушыны табу.

Дереккөз: 120.su

Так же вам может быть интересно